Аймақтар • 29 Тамыз, 2020

Лицензия алмаған дүкен алкогольді өнім сатқан

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға СҚО Мамлют ауданы орталығының дүкендерінің бірінде болған. Қырағы полиция қызметкерлері азық-түлік дүкеніндегі рейдтік іс-шара кезінде, сатып алушылардың бірі басқа тауарлармен бірге сыра сатып алып жатқанын байқады, деп хабарлайды Egemen.kz

Лицензия алмаған дүкен алкогольді өнім сатқан

Учаскелік инспектор дүкеннің алкоголь өнімін сатуға лицензиясы жоқ екенін білген, ал сөреде алкоголь өнімі де жоқ. Алайда ол жасырын сатылып келген. Сөренің астын тінткенде тәртіп сақшылары 7,5 литр арақ, 6,75 литр шарап және 18 литр сыра тәркілеген. Дүкен иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру" атты 463-бабы бойынша хаттама толтырылды.

"Учаскелік полиция инспекторларының қызмет көрсетілетін аймақтағы жағдайды жақсы білуі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің негіздерінің бірі болып табылады. Жалпы, біз алкоголь өнімін заңсыз сатумен күреске көп көңіл бөлеміз. Айта кетсек, дәл осы күндердің бірінде аудандағы ауылдардың бірінде жеке үйде арақ сату фактісі де анықталды. Алкоголь лицензияланбаған, сондықтан оны пайдалану қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді. Лицензияланбаған алкогольді заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғын алкогольді заңсыз сатқаны үшін жауапқа тартылып, оның үйінен 10 литр этил спирті тәркіленді", дейді Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Алкогольдік ішімдіктердің заңсыз сатылуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс облыс полицейлерімен тұрақты түрде жүргізеді. Жыл басынан бері барлығы 128 хаттама толтырылды.