Аймақтар • 29 Тамыз, 2020

Алматының медицина қызметі індеттің екінші толқынына қауқары жете ме?

722 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда әкім орынбасары қалалық медицина қызметінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматының медицина қызметі індеттің екінші толқынына қауқары жете ме?

Ержан Бабақұмаров Алматыда пандемияның жаңа толқыны болған жағдайда Жедел медициналық қызмет қаншалықты қауқарлы? Осы сұраққа жауап іздеген әкім орынбасары саланың жұмыс жоспарымен танысты.

Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыровпен бірге қалалық Жедел жәрдем қызметінің жұмысына шолу жүргізді. 

Басты міндет коронавирус инфекциясы пандемиясының болуы мүмкін жаңа толқынына дайындықты тексеру.

Жұмыс тобы COVID-19 жағдайында көмек көрсетуді ұйымдастыру Алгоритмінің орындалуымен танысты.Жекелей алғанда, коронавирус инфекциясына күдікті науқасқа бағыт беру, ауруханаға жатқызу ережелерін сақтау, шақыртуларды жедел өңдеуді қамтамасыз ету, дезинфекция жүргізу және т. б.

"Қазіргі уақытта 11 қосалқы станцияда 180 бригада, 3 мыңнан астам қызметкер, дәрігер, фельлшер мен жүргізуші қызмет етуде. Барлық мамандар жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етілген.Коронавирус инфекциясының жаңа толқыны болатын болса, біз 103 желілерін 30-дан 50-ге дейін, қоңырауларды қабылдайтын фельдшерлер санын12-ден 22-ге дейін, ал бригадалар санын 220-ға дейін көбейтеміз", Алматы қалалық жедел медициналық көмек қызметінің Бас дәрігері Біржан Оспанов.

Сонымен бірге коронавирус ауруы өршіген кезде жедел медициналық қызметтің әрекетінің Алгоритмі жасалды. Әрекет ету жоспары, үш маңызды сценарий бар, сол бойынша медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясы жағдайына қарай әрекет ететін болады. Барлық медицина қызметкерлері тиісті оқудан өтті.

Жедел медицина көліктерін салқын буландыру генераторы тәсілімен дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінуде.

Қала тұрғындарына кеңес беру үшін 3000-505 нөмірі бойынша арнайы Call-орталық жұмыс істейді. Қосымша күш 103 желісінің жұмысын жеңілдетіп, шұғыл қоңырауларға дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді. ЖМКҚ мәліметтері бойынша,КВИ бойынша шақыртулардың азайғаны байқалады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Жедел медициналық көмек қызметінің ұжымына пандемиямен күреске күнделікті қосып жүрген үлестері үшін алғыс айтты. ЖМКҚ басшылығына қала халқының денсаулығы мен өмірін қорғау жоспарын жүзеге асыру аясында белгіленген санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.