Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тағаланың атымен бастаймын. Алланың «Ас-Салам», яғни амандық пен шипа беруші көркем есімдерін ұлықтай отырып, дертке шалдыққандардың дертіне тағы да шипа сұраймыз. Қайтыс болғандар үшін Алладан рақым, Пайғамбардан шапағат тілейміз. Алла бәрін көріп тұр. Бұл сынақтың соңғы нәтижесі де Оның құдірет-құзырында. Өйткені ол шексіз білім мен хикмет Иесі.

Суретті түсірген Ерлан Омар, EQ
Біз қазір ымырасыздыққа емес, ынтымаққа ұйысатын сындарлы сәтте отырмыз. Мұндайда халық даналығы: «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар?» демей ме? Алла елшісі айтқандай, жақсы сөйлеп, айналадағы адамдарға шуақ шашып, үрейге емес, үмітіне қанат бітірейік.
Халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау – кез келген мемлекет үшін басты мақсат болып қала бермек. Аллаға шүкір, Үкімет тиісті шешімдер қабылдап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығымен төтенше жағдай кезінде ақысыз демалысқа шыққан жандар мен көмекке зәру азаматтарға қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл игі іс әлі де жалғасуда.
Өз өмірін қауіпке тіге отырып, антына адал болған медицина қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Алла разы болсын! Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ал халыққа қызмет жасау барысында қауіпті індеттен қайтыс болған дәрігерлерімізді Алла рақымына алғай. Құранда: «...Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық...» («Мәида» сүресі, 32-аят) делінген. Адамды өлімнен арашалау сынды сауабы мол істе жан тапсырған азаматтарымызды Алла алдынан жарылқасын.
Денсаулық – Алланың берген аманаты. Оны сақтау – мұсылманның міндеті. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адам екі нәрсенің қадірін білмейді. Ол – бос уақыт пен денсаулық» деген. Расында, денсаулық пен уақыт – адам өміріндегі ең қажетті ұлы нығмет. Осы нығмет пен аманатқа қиянат жасаған адамның әрекеті – өзінің өміріне қиянат жасағанмен тең. Әуелі өзіміздің, содан кейін өзгелердің өміріне қиянат жасап қоймайық. Бұл мәселеде адам өзіне әділетті болуы тиіс.
Әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлылық таныту – өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері хақ. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде жүргізіліп жатқан карантиндік іс-шараларды сақтай отырып, індеттің алдын алу мақсатында ел азаматтарын жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Осы мәлімдемеде мәйітті жуу, кебіндеу, жаназа намазын оқу кезінде санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтау міндеті айтылды. Сонымен қатар жаназа намазын ұзағымен 5 минут ішінде өткізуге, мәйітті жерлеп болғаннан кейін халықты көп ұстамай лезде қайтаруға пәрмен бердік. Жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмауға үндедік. Халықты жинап қонақасын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы, т.б. Құдайы астарды елімізде эпидемиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін тоқтатуға шақырдық. Имамдар осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Алайда кейбір азаматтарымыз бұл ұсыныстарымыз бен кеңестерімізге немқұрайды қарап, өзімен қоса өзгелердің де өмірлеріне қауіп төндіруде. Әрине, бәріміз де топырақты өлімде төбе көрсеткіміз келеді. Бірақ қазір сезімге берілмей, ақылға салып шешім қабылдайтын заман. Осыны жамағат түсінуі тиіс. Алла тағала: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», деп ескерткен («Бақара» сүресі, 195-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзгеге және өзіне зиян тигізуге болмайды», деген. Жиындар мен құдайы астарға барудан бұрын өзіміздің, отбасымыздың, туған-туысымыздың өмірі мен болашағын бір сәт ойласақ. Қазіргідей жұқпалы аурудың қаупі күшейген кезде одан сақтану – әрбіріміз үшін міндет.
Мүфтият діни бірлестік болғандықтан, біздің пәтуаларымыз бен шешімдеріміз ұсыныс, кеңес ретінде айтылады. Алайда пәтуаға бойсұну – мұсылманның міндеті. Халықты тағы да пәтуаға бойсұнып, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Денсаулыққа немқұрайды қарау қауіп пен қатерге әкеп соғады. Сондықтан елдегі барша жамағатты осы бір қиын кезеңде барынша сақтануды, жиын-тойлар мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауды қаперлеріне саламыз.
Абай Құнанбайұлы Семейге келген бір сапарында шаһарда жұқпалы індеттің тарап жатқаны жайында жайсыз хабар естиді. Бірінші кезекте, Абай халыққа жаназа рәсімдерін өткізуге қатысты бірқатар өзгеріс жасауды түсіндіру керегін ұқты. Міне, осы тұста ол өзі білетін Сармолла есімді молданы шақырып, оған халық жұқпалы аурудан сақтану үшін жаназа, қатым, астарды аз адаммен өткізуді жұртқа түсіндіру керегін жеткізеді. Сармолла: «Қаза болған адам үйіне, жаназаға халық аз жиналсын. Мәйіт шыққан үйге көп адам келмесін. Ол үйде ас ішу, халыққа тағам тарату, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқталсын!» деген сөзін жеткізеді.
Бүгінде имамдарымыз осы мазмұнда өздерінің насихаты мен кеңестерін жеткізіп-ақ жатыр. Алайда сезіммен, намыспен қаралы жиынға барып қоятындар бар. Соның салдарынан төсек тартып, ауырып қалған жандарды да жақсы білеміз. Осы ретте үй иесіне артылатын жауапкершілік те үлкен. Қазалы үйдің иесі туысқандарына: «Елдегі жағдай тұрақталғанша көңіл айтып келмеңіздер. Жағдайды жақсы түсінемін. Санитарлық талапты бәріміз орындауымыз керек. Өлгеннің артынан өлмек жоқ» деп өтініш білдірсе, қаншама адамға сауап жасаған болады.
Басында бұл індеттің қауіптілігін сезінбедік. Таныс-біліс адамдардың қайтыс болып жатқаны туралы қаралы хабарлар толассыз келіп жатты. Осы жағдайлар сақтанбаудың салдарынан болғаны айтпаса да түсінікті. Бұл – ойланатын жайт. Сондықтан сақтанайық деген сөзді айтуды, оған амал етуді тоқтатпайық. Алла тағала сақтанған пендесін сақтайды. Осыны ұмытпайық.
Жуырда өткен ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысанның қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысанның қызметін қайта бастауға рұқсат берді. Оның ішінде діни объектілер де бар. Алла қаласа, 2020 жылдың 31 тамызынан бастап еліміздің барлық мешіті жеке құлшылықтар үшін қайта ашылады.
Біз мешітке келетін жамағатқа қойылатын талаптар туралы арнайы үндеу жолдадық. Аталған талаптар ішінде намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүру, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау (кемінде 2 метр), мешіт кіреберісінде дене қызуын өлшету және арнайы антисептикпен қолды тазалау, мешітте қол алыспау, мешіт ішінде ұзақ уақыт қалмау, дене қызуы 37°-тан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар мешітке келмеуі керек.
Ислам діні адамның өмірі мен денсаулығын әрқашан жоғары қояды. Ал мемлекетіміздің жұқпалы дертке қарсы қабылдаған барлық шарасы адам баласын аман сақтап қалуға бағытталған. Біз оны дұрыс түсінуіміз қажет.
Қазір жағдай тұрақталып келеді. Аз ғана төзімділік танытсақ, жамағатпен намаз оқитын күнге де жетеміз. Бұл сынақтың соңғы нәтижесі – Алланың құзырында. Сондықтан болашақтан күдер үзбей, сабырлы қалпымыздан танбай, дұға етейік.
Раббымыз қасиетті Құранда: «Егер пенделерім сенен Мен туралы сұраса (оларға айтып қой): Мен оларға өте жақынмын, тілек тілеушінің дұғасына жауап беремін. Ендеше, олар да әмірімді қабыл етсін және Маған сенсін. Бәлкім тура жол табар» («Бақара» сүресі, 186-аят); «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін» («Ғафир» сүресі, 60-аят) деп уәде еткен.
Осы ретте Жаратқанның әміріне бойсұнып, үздіксіз дұға жасап, талап пен тәртіпке бағынып, мұсылмандық міндетімізді орындайық. Алла қаласа, көп ұзамай бұл күндер де артта қалады.
Біз сан ғасырлық тарихымызда талай сындарлы сәттер мен сынақтарды, зобалаң замандар мен нәубеттерді бастан кешкен елміз. Сын сағаттарда бір-бірімізге қамқорлық көрсетіп, иманымыз бен бауырмалдығымыздың арқасында аман қалған рухы биік жоралы жұртпыз.
Ел басына күн туған қазіргі сәтте де осы қалпымыздан танбай, қабырғамызды қайыстырмай, үмітсіздікке бой алдырмай, алға жылжуымыз керек. Бүгінде үрей құшағына еніп, елең-алаң күй кешкен адам үшін жылы сөздің өзі жанға дауа, көңілге медеу болып тұр.
Дана халқымыз: «Жақсы сөз – жарым ырыс» демей ме? Осы сәтте айналамызды үрейге емес, үмітке, қайғыға емес, қуанышқа бөлейтін сөзімізді арнасақ, сауапқа кенелеріміз хақ. Біз бұдан да қиын-қыстау заманды көрген қарға тамырлы қазақпыз. Жаратқанның жар болуымен бұл сынақты да жеңеміз. Алла сол күнге жеткізсін! Әмин!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Елордада саябақтар салу қалай жоспарланады
Елорда • Бүгін, 23:14
Сабыржан Аққалықов бас жүлдені олжалады
Спорт • Бүгін, 22:48
Өрт сөндіруші өртеніп жатқан үйден ұйықтап жатқан адамды алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 22:27
Елнұр Сүйінбай да финалда ұтылды
Спорт • Бүгін, 21:58
Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 21:29
Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 21:05
Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:46
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады
Қоғам • Бүгін, 20:15
«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдар форумы өтті
Қоғам • Бүгін, 19:57
Ескекшілер Азия чемпионатына даярлануда
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыдағы МӘМС-те қанша адам сақтандырылмаған?
Медицина • Бүгін, 19:10
Қазақстанда еңбек мигранттарының табысынан зейнетақы жарналары есептеле бастады
Қоғам • Бүгін, 18:59
Шығыс Қазақстан халқы қас батырын еске алды
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Елбасы • Бүгін, 18:35
«ҚазАвтожолдың» жаңа басшысы бұрын сотталған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:28
Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда
Спорт • Бүгін, 18:22
Қоғам • Бүгін, 18:07
«Bi Global-дың» жоба жетекшісі 53 млн теңге айыппұл төлейді
Елорда • Бүгін, 17:31
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
Пара алған шенеунік 72 млн теңге айыппұл төлемек
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Ұқсас жаңалықтар