Қазақстан • 31 Тамыз, 2020

31 тамызға арналған ауа райы болжамы

1249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

31 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің хабарлауынша, елдің тек оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте – дауыл, найзағай, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Түркістан облысында найзағай күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.