Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Т.Жванияның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов 2013 жылғы 27 қазанда өткен Грузия президентін сайлауға байқаушы ретінде қатысты.

Қазақстан Ортсайлаукомының басшысы Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Т.Жваниямен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Е.Ертісбаевпен кездесті.
Бұл кездесулер шеңберінде Грузияның сайлау жүйесінің түрлі аспектілері мен ел президентін сайлау бойынша сайлау науқанының барысы талқыланды.
Дауыс беру күні Қ.Тұрғанқұлов Тбилиси қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, сайлаудың аталған кезеңін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ, Грузия Ортсайлаукомының брифингіне қатысты.
Барлығы Грузия президентін сайлауды байқауға Қазақстан Республикасынан 6 байқаушы қатысты, олардың 2-уі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 2-уі ЕҚЫҰ ПА-ның құрамына енген және 2-уі Грузия Ортсайлаукомының шақыруымен келген.
«Егемен-ақпарат».