Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

Жамбыл облысында білім саласының басшылығы тиісті мәселеге көңіл бөлмеген

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы ақыл-ойының дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына барған болатын. Жақында ғана мектеп нысанына жапсарлас бой көтерген ғимараттың құрылысы аяқталған. Алайда, жаңа ғимараттағы спортзал, тігін және ағаш шеберханалары әлі бос тұр екен. Бастапқы жобалау кезінде жиһаз бен жабдық сатып алуға қаражат бөлінбеген. Жауапты басшылардың ешқайсысы аталған мәселеге уақытылы назар аудармаған болып шықты. Бердібек Сапарбаев білім басқармасының басшылығына ескерту жасап, мұндай маңызды істе кемшіліктерге жол берілмеу керектігін атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында білім саласының басшылығы тиісті мәселеге көңіл бөлмеген

Мектеп-интернаттың жұмысы туралы директордың міндетін атқарушы Лиза Аттыбаева жан-жақты баяндады. Мұнда ерекше білім беруді қажет ететін 210 бала оқиды екен. Оларға білікті мамандардың кешенді көмектері көрсетіледі. Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтардан құралған кәсіби мамандар қатары балалардың денсаулығын түзету мақсатында жұмыс атқаруда.

Ал, "Інжу" мектеп-гимназияның директоры Жанна Мәдімарованың айтуынша, мектепте сабақтар қашықтықтан және дәстүрлі түрде де білім алады. Директордың айтуынша, мұғалімдер мен мектеп жаңа оқу жылына дайын екен. Бердібек Сапарбаев мектеп ғимаратының қабырғасындағы мотивациялық және танымдық картиналарға да айрықша назар аударды. Ол мұғалімдердің оқу-тәрбие жөніндегі шығармашылық көзқарастарын жоғары бағалап, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа бұл тәжірибені басқа мектептерге де қолдануды тапсырды.

 

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.