Спорт • 31 Тамыз, 2020

Зүлфия Чиншанло күміс алды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның тәуелсіздік алғанына 29 жыл толуына орай ауыр атлетикадан айтулы мемлекеттің бас шаһары – Ташкентте халықаралық онлайн турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Зүлфия Чиншанло күміс алды

Әлемнің бірқатар белді зілтеміршілері бақ сынаған додада Қазақстанның намысын қос спортшы қорғады. 55 кило салмақта өнер көрсеткен Зүлфия Чиншанло қоссайыстың қорытындысы бойынша 200 (85+115) кило салмақта еңсеріп, күміс медальді иеленді. Ол бас жүлдені олжалаған өзбекстандық Муаттар Нәбиевадан бес кило кем көтерді.

Үшінші орынға польшалық Йона Лочовска табан тіреді. 109 кило салмақта күш сынасқан Ибрагим Берсанов алтыншы орынды қанағат тұтты. Оның көрсеткіші – 350 кг (165+185) кило. Бұл тарыста Варазат Лалаян топ жарды. Арменияның өкілі  425 (195+230) килолық зілтемірді тік көтерді.