Спорт • 31 Тамыз, 2020

Луценко жетінші орынды иеленді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Қазақстанда іргетеасы қаланған "Астана" клубы велошабандоздар арасындағы ең белді жарыс – "Тур де Франс" көпкүндігінде бақ сынауда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Луценко жетінші орынды иеленді

Жарыстың екінші турында жерлестеріміздің арасынан Алексей Луценко ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 186 шақырымға созылған сайыста ол жетінші орынды иеленді. Луценко мәре сызығын бірінші болып қиып өткен франциялық Жюлиан Алафилиптен небары екі секунд қалып қойды. Оның нәтижесі – 4 сағат, 55 минут, 27 секунд. Екінші орынды швейцариялық Марк Хирши еншілесе, ұлыбританиялық Саймон Йетис үшіншы сатыға жайғасты.

Жалпы есепте Жюлиан Алафилип алдына жан салар емес. Францияның өкілінің көрсеткіші – 8 сағат 41 минут, 35 секунд. Екінші орындағы Саймон Йетис басты қарсыласынан төрт секунд қалып келеді. Үшінші сатыға Марк Хирши  табан тіреді. "Астана" клубы мүшелері арасынан Алексей Луценконың аяқалысы жаман емес. Отандасымыз әзірге 23 орынды иеленуде.