Khaleej Times газеті электрондық нұсқасында мәлім еткендей, оқыс оқиға газ баллонының жарылуы салдарынан болуы мүмкін.
"Полиция қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялау бойынша өз міндеттерін атқарып жатыр. Полиция сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға аймағын қоршап алды", - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.
Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шеккен, олар жеңіл және орташа жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге алғашқы көмек көрсету үшін жеткізілген.