Әлем • 31 Тамыз, 2020

Нью-Йорк музейлері қайта ашылды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пикассо мен Моненің картиналарын сағынсаңыз, яки Джакомметтидің мүсінін тамашалағыңыз келсе, мархабат. Осы аптадан бастап Нью-Йорк музейлері ұзақ уақытқа созылған демалыстан соң қайта ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Нью-Йорк музейлері қайта ашылды

Манхэттендегі заманауи өнер музейі (МоМА) өз жұмысын қайта жалғастырғанымен, өнер ордасына келуші жұрттың қарасы көп емес. Әрине, бұл карантиндік қатаң ереженің сақталуынан болып отыр. Бұдан бөлек Нью-Йорктегі Метрополитен өнер музейі де өз жұмысын бастады. Келушілерінің саны шектеулі музейдің аптадағы бес күн бойы есігі ашық. Мұнда да санитарлық ережелерді сақтап, бетперде тағу һәм арақашықтықты бұзбау – басты назарда. Қатаң шараларға байланысты Метрополитен ашылған алғашқы күні әдеттегідей 30-40 мың емес, 10 мың қонақты қабылдаған.

Айта кетейік, пандемия салдарынан Метрополитен өнер музейі карантиндегі уақытта 150 млн доллар жоғалтып, 400 қызметкерін қысқартқан. Бұл жағдайға Нью-Йорктағы барлық өнер ошақтары тап болып отыр.