Руханият • 01 Қыркүйек, 2020

Шоқанның жазбалары құндылығын жоймайды

738 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мен Ш.Уәлихановтың туғанына 185 жыл толған датасына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы виртуалды көрме ұйымдастырып, шараға қатысқан көрермендер қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың XIX ғасырдың екінші жартысында жазған «Сот реформасы туралы жазба» атты құнды еңбегімен танысты.

Шоқанның жазбалары құндылығын жоймайды

Бұл құжат – қазақ халқының құқықтық тарихынан сыр шер­тетін және дәстүрлер сабақ­тас­тығы мен тарихи сананы қа­лыптастырумен қатар, халық­тың мәдени мұрасы, ұлттық біре­гей­лікті орнатудың іргетасы іс­петтес еңбек. Оның жасампаз күші көп­ұлтты және көпконфессия­лы қо­ғамның бейбітшілігін сақтауға, мемлекеттің даму жолын анық­тауға мүмкіндік береді, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

– Бүгінде барша әлемдегі сая­­саткерлер мен тарихшыларды, жур­налистер мен зерттеушілерді Қазақстан қалайша сынақтар мен ұлтаралық кикілжіңдерді бол­­дырмай сәтті реформалар­ды жү­зеге асырып, жалпыұлттық идео­­логияның негізін салды де­ген сұрақ қызықтырады. Бұ­ған Ел­басының тікелей қа­ты­суы­мен және халықтың қол­да­уы­мен жасақталған біздің Кон­сти­­туция жауап береді. Бү­гін Нұр­сұлтан Назарбаев азамат­та­ры­мыздың мүдделері мен мем­ле­кетіміздің егемендігін қор­ғай алды деп сенімділікпен ай­­та аламыз. Бұл кісі кәсіби дағ­­­­ды­­ларымен қатар жоғары адам­­гершілік қасиеттерге ие. Со­н­дықтан Қазақстан азаматтары оны құрметтейді, жақсы кө­реді, әлем көшбасшылары оның пікірімен санасады. 1995 жы­лы 30 тамызда бүкілхалықтық ре­ферендумда қабылданған Қа­зақ­­стан Республикасының Ата Заңы еліміздің тәуелсіздігін дә­­йек­тейтін айғаққа айналды, – деді аталған шараның маңы­зы жайлы айтқан Елбасы кі­тапха­насының директоры, саяси ғылым­дардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов.

Конституция күні қарсаңында өткізілген виртуалды көрме би­лер соты сүйенген дәстүрлі қа­­зақ қоғамының тарихын терең ұғынуына мүмкіндік берді. Көр­меден сонымен бірге, құқық пен этиканы біріктіре отырып, қазақ халқының құқықтық мә­дениетін қалыптастыруда ше­шуші рөл атқарған байырғы идея­лық бағыттарды аңғаруға бо­лады. Осы орайда академик-заңгер С.Зиманов айтқандай, «қа­зақтың билер соты – тарихи маңызы бар құқықтық жүйелер әлемінде ерекше орын алуға лайықты бірегей сот жүйесі» екені әйгіленіп тұрғандай.

Хандар мен батырлар есім­дері­мен қатар халық жадында сақталған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және басқа да билер есімдері мен қызметі Қазақ хандығының мемлекеттік саясатына, әрбір азаматтың тағдырына әсер еткені кездейсоқ емес. Бір­неше ғасырлар бойы билер соты халық арасында әділеттілікті қор­­ғайтын толыққанды құқықтық жүйе болды.

Бірақ ХІХ ғасырда билер со­ты институтын қайта құру және біртіндеп тарату процесі бас­талады. Атап айтқанда, 1854 жы­лы патша өкіметі сот реформа­сын жүргізіп, дәстүрлі сот ісінің ғасырлық тәжірибесін түбегейлі өзгертті. Іс жүзінде халық адал, бейтарап сот құқығынан айы­рылып, бюрократия мен пара­қор­­лыққа тап болды. Шоқан Уәлиханов сот реформасының сал­дарын дұрыс болжап, жағдай­ға қатты алаңдаған алғашқы тұл­ға. Осы орайда ол мәселені жан-жақты зерттеп, статистикалық мәліметтер мен қоғамдық-сая­си пікірге негізделген «Сот ре­фор­масы туралы жазбасын» жа­­зып шықты. Уәлиханов өз ең­бегінде билер сотының бас­ты артықшылығы жасандылық пен кез келген ресми тәртіптің бол­мауында екенін анық жазады. Оның айтуынша, билердің ақыл-парасаты, абыройы сот әділдігінің кепілі іспеттес.