Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020

Жәрдемақы тағайындауға өтінішті онлайн бере алады

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталында жетім балаларды асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындауға электронды өтініш беруге болатынын хабарлайды.

Жәрдемақы тағайындауға өтінішті онлайн бере алады

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы «Отбасы» бөлімінің «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлігінде: «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» көрсетілетін қызметін таңдау керек. Содан кейін өзіңіз туралы мәліметтерді және жәрдемақы келіп түсетін банктік шотты енгізіңіз. Содан кейін бала туралы мәліметтерді көрсетіп, электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінішке қол қою қажет.

Өтініште баланың табысы туралы ақпарат, яғни мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, алименттерді, баланың мүл­кінен табуға болатын кірістер туралы мәліметтерді көр­сету қажет екенін айта кету керек.

Егер сұрау салу сәтті орындалса, жәрдемақы та­ғайын­­дау туралы шешім пайдаланушының жеке кабинетіне 1 жұмыс күні ішінде келіп түседі.