Спорт • 01 Қыркүйек, 2020

АҚШ-тағы жарысты жерлестеріміз сәтті бастады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йоркте шымылдығы түрілген АҚШ-тың ашық біріншілігінде бүгін кортқа шыққан Қазақстанның төрт теннисшісінің үшеуі екінші кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тағы жарысты жерлестеріміз сәтті бастады

Жүлде қоры 53 400 000 долларды құрайтын турнирде Александр Бублик сүреңсіз өнер көрсетіп,  жарыс жолынан шығып қалды. Ол ұлыбританиялық Кайл Эдмундке 6:2, 5:7, 5:7, 0:6 есебімен есе жіберді. Ал өзге жерлестеріміздің барлығы да алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Атап айтсақ, Михаил Кукушкин мажарстандық Аттила Балаждан басым түсті – 6:4, 7:5, 6:4.

Әлемнің 17 ракеткасы Елена Рыбакина WTA тізімінде 107 орында тұрған украиналық Катарина Завацкаяның тас-талқанын шығарды – 6:3, 6:0. Сол секілді Юлия Путинцеваға (33 ракетка) да америкалық Меган Монтгомериді жолынан ығыстыру еш қиындық туғызған жоқ. Есеп – 6:1, 6:3. 

Кеше Зарина Диас АҚШ-тың өкілі Бернарда Перамен кездесті. Бүгін Елена Рыбакина тағы бір америкалық теннисші Шелби Роджерспен шеберлік байқасса, Юлия Путинцева беларуссиялық Вера Лапкоға қарсы ойнайды. Ал Михайл Кукушкиннің қарсыласы – чилилік Кристьян Гарин.