Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020

Дәрігерлер Президентке Жолдаудағы медициналық қызметкерлерді қолдайтын шаралар үшін алғыс білдірді

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдауда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінген. Осылайша, Президент медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге 150 млрд тг бөлуді тапсырды. Осыған байланысты Алматының медицина қызметкерлері Президентке көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлер Президентке Жолдаудағы медициналық қызметкерлерді қолдайтын шаралар үшін алғыс білдірді

Алматы қаласының №4 қалалық емханасының клиникалық фармакологы Әйгерім Тоқтыбаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн сұхбат барысында айтылған бастамаларға алғыс білдірді.

"Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі жолдауы туралы айтқым келеді. Президент еліміздің медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдықта ынталандыру үстемеақыларын беру үшін 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Барлық медицина қызметкерлерінің атынан Президентке осындай үлкен көмек үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Пандемия кезінде жұмыс істеген әрбір медицина қызметкері өз өмірін қатерге тікті, ал бүгінгі Жолдау бізге үлкен қуаныш сыйлады", - деп атап өтті Әйгерім Тоқтыбаева.