Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Алматыда балаларға арналған тегін домбыра мектебі ашылды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Жетісу ауданында ашылған балаларға арналған домбыра мектебінің жұмысымен танысты. Қала басшысының Instagram парақшасында жарық көрген ақпарат көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда балаларға арналған тегін домбыра мектебі ашылды

Алматылықтарға тән қасиеттің бірі — әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейде болуы. Жетісу ауданында кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты. Қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтіруге Сәкен Мейірбеков көмек көрсетсе, бөлмелерді жабдықтау шығынын Айнұр Жұмаш өз мойнына алған.

Сабақ санитарлық қауіпсіздік талаптар жағдайында өткізілетін болады. Домбыра мектебінде қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданған Құрманғазы атындағы консерваторияның түлектері ұстаздық ететін болады.