Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Павлодарда ер адам суға батып кетті

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суға батып кеткен ер адам мас күйінде жабдықталмаған су арнасында шомылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда ер адам суға батып кетті

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның суға кеткені туралы хабарлама 31 тамыз күні сағат 15:15-те хабарлама келіп түсткен.

Куәгерлердің айтуынша, ол 1981 жылы дүниеге келген. Сөйтіп ер адам Қ.Сәтбаев атындағы каналда суға батып кеткен.

– Суға шомылу кезеңінде облыс аумағында 15 адам суға кетті, олардың үшеуі – жасөспірім балалар. Карантиндік шектеулердің әлсіреуіне және туристік маусымның ашылуына байланысты Баянауыл ауданында Жасыбай туристік аймағының аумағына өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы іссапарға жіберілді. Үрлемелі қайық, альпинистік және сүңгуірлік құрал-жабдықтармен қаруланған құтқарушылар 15-31 тамыз аралығында туристік аймақта кезекшілік етті. Олар күн сайын қоғамдық құтқарушылармен бірге Жасыбай көлінде рейдтік іс-шаралар өткізді, – дейді департамент өкілдері.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына шомылу маусымы бірінші қыркүйекте аяқталатынын еске салады.  

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 364-бабын бұзғаны үшін, яғни,  жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылған 323 адам  жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін қырық тоғыз адамға айыппұл салынды, – деді полиция басшылығы.