Мектепке дейінгі біліммен 900 мыңға жуық бала қамтылған. Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналардың қалауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7%-ы барады.
Орта білімде 7 мыңнан астам мектептің шамамен 3 мыңы дәстүрлі форматта жұмыс істейді.
Жаңа оқу жылында 352 091 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Бастауыш сыныптарда бір миллионнан астам оқушы бар, олардың 60%-ы кезекші сыныптарда оқуды бастады.
Қашықтан оқыту форматында 2,6 млн-ға жуық оқушы білім алып жатыр.
1 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша "Күнделік" жүйесіндегі қаралым саны 3,7 млн. құрайды.
Негізгі білім беру платформаларындағы сессиялардың саны – 2,2 млн. Орналастырылған контентті қарау саны – 6,8 млн.
Мектеп оқушыларына 435 мың дана компьютерлік техника берілді. 15 қыркүйекке дейін қосымша 250 мың дана компьютерлік техника беру жоспарланып отыр.