Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Алматы еріктілері 1,5 мыңнан астам отбасына көмектесті

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында "Jas Otan" жастар қанатының Алматы қалалық филиалының жетекшісі Мәди Ахметов еріктілердің 1,5 мыңнан астам отбасына көмектескендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы еріктілері 1,5 мыңнан астам отбасына көмектесті

Алматыда партия мүшелері "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуде.

"Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар рюкзактар, веб-камералар және тағы басқалар беріледі. Партия мүшелері қайырымдылыққа бөлінген ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады. Планшеттер, Ноутбуктер, веб-камералар. Алматылық жасотандықтар барлық сақтық шараларын сақтай отырып, байланыссыз заттардың жеткізілуін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті М.Ахметов.

Акцияны жүзеге асыру үшін "Еріктілер корпусы" жобасы аясында, МК Jas Otan-ның 50-ден астам еріктілері оқып, даярлықтан өтті.

Сонымен қатар, Алматылық жасотандықтар қала әкімдігінің Білім басқармасымен бірлесіп, 15 қыркүйекке дейін мұқтаж отбасылардың балаларына планшеттер мен ноутбуктерді жеткізуге көмектесетін болады.

 

Алматы