Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Жол сапасы назардан тыс қалмайды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі көшелер көптеп асфальтталып жатыр. Бәріне қойылатын талап біреу – жолдар тегіс, сапалы болуы шарт. Әр көшедегі жұмыс ауданбасшылығының бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол сапасы назардан тыс қалмайды

Осыған орай Қызылорда қаласындағы "Қыран" ЖШС зертхана қызметкерлері кенттегі Қ.Сәтбаев көшесіне төселген асфальтті-бетон жамылғысының сапасын тексерді.

Лабораториялық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес көшеге төселген асфальтті-бетон қалыңдығының стандартқа сай екені анықталды.

Айта кетейік, Қ.Сәтбаев көшесі "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткізілді.

 

Қызылорда облысы