Пікір • 02 Қыркүйек, 2020

Заң үстемдігі маңызды

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қарқынды дамуының алдағы жолын айқындап берді.

Заң үстемдігі маңызды

Әсіресе, әлемді әбігерге салған пан­демия кезінде Қазақ елінің алған бағыты мен ұстанған жолынан жаңылмауы үшін ауыз толтырып айтуға болатын ауқымды ұсыныстар жасалып, тиісті тапсырмалар берілді. Осылайша, аталған Жолдауда ма­ңызды стратегиялық, әлеуметтік, құқықтық салаларға баса назар ауда­рылды. Қоғамдық қатынастардың барлық саласында орын алып жатқан өзекті мәселелер көтерілді және оны шешу жолдары айқындалды. Бұл қа­дамның барлығы ең алдымен ұлт­тық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­сатында жасалып отырғанын да жақсы түсінеміз.

Сонымен қатар әрбір әрекетте әділ­дік, адалдық, теңдік қағидаларын ұс­тану да аса маңызды екенін ұғындық. Мемлекеттік кірістерді бөлуде де осы ұс­танымнан жаңылмағанымыз жөн. Жаңа әлеуметтік кодекстің де отандас­тарымыз үшін маңызы артады деп сенемін. Бұл ретте, мемлекеттің қоғаммен, азаматтық бақылаумен өзара әрекеттесу мәселесі де ел Президентінің ерекше назарында екенін айту маңызды болып отыр. Себебі, қоғам – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау, жос­парлау және орындау кезінде сенімді серіктес іспетті.

Заңгер ретінде мен үшін ауқымды құқықтық блок маңызды болды. Заң үстемдігін мықтап орнату қажет. Адам­­дардың конституциялық құқығы бар­лық салаларда қорғалуға тиіс. Соның ішінде полиция, прокуратура, сот және өзге де мемлекеттік органдар бар. Мен осыны қолдаймын. Азаматтарды айып­таушылық бағыттан алшақтап, отандастарымызға сервистік қызмет көрсетуге ұмтылғанымыз жөн болар еді. Ол үшін кадр таңдау мәселесінде әрдайым ашықтық болуға тиіс. Қай салада болсын, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ете білуіміз керек.

 

Марат БӘШІМОВ,

Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры