30 Қазан, 2013

Үкілі үміт

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше қуанышты хабар жетті. 14 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2014 жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпия ойындарының көрсетілім сынағына қатысатын болыпты.

Біз Лиза туралы алғаш рет бұдан 2 жылға жуық уақыт бұрын, 2011 жылғы желтоқсан айында, ол Германияның Дортмунд қаласында жасөспірімдер арасында болып өткен халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алған кезде жазғанбыз.

Кеше қуанышты хабар жетті. 14 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2014 жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпия ойындарының көрсетілім сынағына қатысатын болыпты.

Біз Лиза туралы алғаш рет бұдан 2 жылға жуық уақыт бұрын, 2011 жылғы желтоқсан айында, ол Германияның Дортмунд қаласында жасөспірімдер арасында болып өткен халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алған кезде жазғанбыз. Сол жолы 11 жасар қыздың Қызылорда облысындағы Арал қаласының тумасы екенін де баяндаған едік. Лиза бала жасынан спортқа, соның ішінде мәнерлеп сырғанауға қызығып өсіпті. Қызының осындай ынтасын білген әкесі Байтақ Тұрсынбаев Мәскеу қаласына көшіп барады. Оның Лизадан жасы үлкен Тимур атты ұлы да бар екен. Қазір төрт адамнан тұратын отбасы Ресей астанасында тұрып жатыр.

«Менің қызым 14-ке енді ғана толатын болғандықтан, Олимпия ойындарының мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында өтетін негізгі жарысына жіберілген жоқ. Сондықтан ол мұнда тек көрсетілім сынағына қатысады», – деп түсіндірді Элизабеттің әрі менеджері болып табылатын әкесі Байтақ.

Оның айтуына қарағанда, Лиза қазір алдағы желтоқсан айының 5-і мен 8-і аралығында­ Жапонияда өтетін жасөспірім­дердің әлемдік Гран-приінің финалына дайындалып жатқан көрінеді. Еске сала кетейік, ол осы Гран-придің таяуда Минскіде өткен кезекті кезеңінде екінші орыннан көрінген еді.

Элизабет Тұрсынбаева – жасөспірімдердің 2013-2014 жыл­дарғы маусымға арналған әлемдік Гран-приінің 5 кезеңінің қорытындысы бойынша алғаш­қы үштіктің құрамына енді. Ол сондай-ақ Ресей үздік жас­өспірімдерінің «топ-5» шең­берінен де орын алған. Бұған дейін, яғни 2010, 2011 және 2012 жыл­дары Қазақстанның чемпионы атанып үлгерген айдынды Аралдың ақботасы биылғы 2013 жылы Мәскеу қаласының біріншілігінде де алдына жан салмапты.

Бір ғажабы, талантты қыз тек мәнерлеп сырғанаумен ғана шектеліп қалмаған екен. Ол бос уақытында, сондай-ақ, скрипкамен және фортепьяномен шұғылданатын болып шықты. Жақында музыкалық мектептің скрипка сыныбын тәмамдап шықпақшы. Дегенмен, ол өзінің негізгі армандарын спортпен байланыстыра қарастырады. Лиза мәнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындары мен әлем чемпионы болуды армандайды.

Айта кету керек, үстіміздегі жылы «Самұ­рық-Қазына» акционерлік қоғамының демеушілік етуімен Лизаға бірқатар жарыс­тарға қатысу мүмкіндігі жасалды. Ал жылдың соңынан бастап оны Канада жаттықтырушысы Брайн Орсер даярлай бас­тайтын болады.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58