Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Екібастұзда жанып жатқан пәтерден ес-түссіз жатқан үш адам табылды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте 20 сағат 23 минутта № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне Ломоносов көшесі, 15 мекенжайы бойынша пәтердің жануы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына  дереу  кезекші қарауылы жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда жанып жатқан пәтерден ес-түссіз жатқан үш адам табылды

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін 20 адам өз бетінше эвакуацияланды. Оның ішінде алтауы – бала. Өрт сөндірушілердің көмегімен 10 адам сыртқа шықты. Барлау барысында  газ-түтіннен қорғау қызметі бесінші қабаттағы бір бөлмелі пәтердің есігі жабық тұрғанын анықтады. Құтқарушылар арнайы құралдың   көмегімен темір есікті ашып, 1975 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйде еденнен тауып алды", - дейді департаментте.

Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері тағы екі адамды анықтады. Залда ес-түссіз күйде жатқан  1991 жылы туған әйел мен  1977 жылы туған ер адамды таза ауаға шығарып, 103-ті қызметіне тапсырды.  

Тілсіз жау алты шаршы метр алаңды шарпыған.