Парламент • 02 Қыркүйек, 2020

Мәжілісте министрлер лауазымына кандидаттарды келісудің жаңа форматы енгізілді

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Бағдат Мусинді тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Мәжілісте министрлер лауазымына кандидаттарды келісудің жаңа форматы енгізілді

Бұл мәселе Комитет отырысында "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1 бабына сәйкес қаралды. Мәжілістегі ағымдағы сессиядан бастап кандидаттарды келісудің жаңа форматы енгізілді.Бұдан былай министр лауазымына кандидаттардың барлығы осы саланы дамыту бағдарламасын Мәжілістің бейінді комитеттерінің мүшелеріне ұсынады.Сонымен бірге, депутаттар іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аяқталуы үшін кандидаттар жұмысының сабақтастығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуға ниетті. Осыған орай, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Б.Мусинге бірқатар сұрақ қойды.

Атап айтқанда, олар "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тәсілдерінің сабақтастығы туралы айтты.Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттарын мектеп оқушыларына қашықтықтан білім беруді қамтамасыз ету мәселелерін қалай шешу жоспарланып отырғандығы, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс арқылы оқытудың отандық бағдарламасы туралы сұрап, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету мәселесін де көтерді. Сонымен бірге, Мәжіліс депутаттары Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және бірінші кезекте IT саласында және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда алға қойған міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Отырыс соңында тиісті Қорытынды қабылданды.

Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік дамукомитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Премьер-Министрі ұсынған Бағдат Батырбекұлы Мусиннің кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді.