Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Өңірде екі күннің бірінде өрт шығады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,өткен аптада облыс аумағында 7 өрт және 12 өртену оқиғасы орын алған.

Өңірде екі күннің бірінде өрт шығады

Екібастұз қаласы Ломоносов көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы бір бөлмелі пәтердегі өрт туралы хабарлама Төтенше жағдай депаратменті кезекшісінің пултіне сағат 20:23-те келіп түскен.

Өрт орнына Түсіпов Дидар мен Бутенев Руслан бастаған №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және №6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бөлімшелері жедел келіп жетті.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт  шыққан подъезден араларында балалар бар тұрғындар шығып үлгереді. Өрт сөндірушілер пәтерлерден тағы да 10 адамды алып шыққан.

1
Ж
ану нүктесі орын алған пәтердің есігі жабық екенін анықталды. №2  бөлімше командирі Беков Жанат пен өрт сөндіруші-құтқарушы Мұқажанов Наурыз арнайы құралдың көмегімен темір есікті ашып, екі адамды сыртқа шығарып, жедел жәрдем бригадасына табыстайды.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары барысында өрт  сөндірілді.

Сонымен бірге,  Павлодар-Нұр-Сұлтан автомобиль жолында Mitsubishi Pajero Sport автокөлігі толығымен жанып кеткен өрт оқиағсы тіркелді.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сыйымдылығы бес литр екі газ баллонын және сыйымдылығы 20 литр дизельді отыны бар бір канистрді эвакуациялады. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына облыс аумағында өрттің алдын алуға бағытталған айлық өтіп жатқанын еске салады және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Ербол Темір