30 Қазан, 2013

«Сақалды» құрылыстың жыры

444 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл ғимарат жұмысы тоғыз жыл бойы діңкелетіп келеді. Әлі де жалғасатын түрі бар

Петропал қаласының өңін кетіріп, сұрын қашырып тұрған «сақалды» құрылыстар аз емес. Солардың бірі «Достық» алаңында орналасқан. Бүгінде 3500 шаршы метр аумақты алып жатқан құрылыс алаңы өлі тыныштыққа ұқсайды. Бас мердігер «Батыс Реал Груп» ЖШС сауда залы, кинотеатр, неке залы бар сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысын 2004 жылы бастап, 3 жылдан кейін ізім-қайым жоғалған. Содан бері жергілікті билік орындары қанша іздестірсе де, таптырмай келеді.

Бұл ғимарат жұмысы тоғыз жыл бойы діңкелетіп келеді. Әлі де жалғасатын түрі барПетропал қаласының өңін кетіріп, сұрын қашырып тұрған «сақалды» құрылыстар аз емес. Солардың бірі «Достық» алаңында орналасқан. Бүгінде 3500 шаршы метр аумақты алып жатқан құрылыс алаңы өлі тыныштыққа ұқсайды. Бас мердігер «Батыс Реал Груп» ЖШС сауда залы, кинотеатр, неке залы бар сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысын 2004 жылы бастап, 3 жылдан кейін ізім-қайым жоғалған. Содан бері жергілікті билік орындары қанша іздестірсе де, таптырмай келеді.Жеті қат аспанға ұшып кетті ме, әлде жердің жарығына кіріп кетті ме, белгісіз. Тек биыл ғана «біз бармыз, есен-саумыз» дегендей тірі жанның мезіретін жасапты. Алпауыт фирманың алдында жергілікті сәулет және құрылыс басқармаларының басшы­лары дәрменсіз. Тістері батар емес. Жарым-жартылай ғана бой көтерген құрылыс кешені зіл қара тастай мелшиген күйінде тұр. Сол сияқты Погодин атындағы орыс драма театры жанында салынуға тиісті 64 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің іргетасы ғана өріліп, қалқайып тұрғанына талай жыл. Оның құрылыс жұмыстарына жауапты «Алматы Хайт Хаус» компаниясы да із суытқан.

Жер телімдерін сот арқылы қайтарып алуға тиісті орындар құлықсыз. Теміржол ма­ңа­йындағы иесіз қалған жер те­лімдерін коммуналдық меншік­­ке қайтару үшін бақандай 3 жыл жүрген. Қағазбастылықтан, сот процестерінен әбден зәре­зап болғандары байқалады. Пет­ро­павл қаласының бұрын­ғы әкімі Владимир Никандров шүлен таратқандай оңды-солды заңсыз үлестірген жер телім­де­рін коммуналдық меншікке рәсім­деу машақатын кейінгілердің көріп отырған жайлары бар. Жер инспекциясы 40-қа жуық шешімнің заңға қиғаш, бас жоспарға сәйкессіз, тиісті орындармен келіспеушілік секілді талай бұра тартушылықтарды анықтаған. Демек, «сақалды» құрылыстардың жыры әлі таусылмайды деген сөз.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45