Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Әскери қызметшілерді оқу жылының басталуымен құттықтады

537 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі генералдар мен офицерлерді, курсанттар, кадеттер және тәрбиеленушілерді, әскери ЖОО-ның профессорлық-оқытушы құрамын жаңа оқу жылымен құттықтады.

Әскери қызметшілерді оқу жылының басталуымен құттықтады

«Кезекті оқу жылында сіз­дермен қауышқаныма қуаныш­тымын!

Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Респуб­ли­касы Қарулы Күштерінің Жо­ғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық білім беру жүйесінің дамуына зор көңіл бөлуде.

2019 жылы тамыз айында өткен «Bіlіm jáne Ǵylym!» конференциясында Президент «Біздің мақсатымыз – адами капитал сапасын арттыру үшін білім саласында реформалар қажет» екендігін айтып кетті.

Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында Мемлекет бас­шысы Ұлттық қоғамдық ке­ңес­тің үшінші отырысында білім беру экономиканың ма­ңыз­ды саласы екенін атап өтті.

Бүкіләлемдік пандемия өмі­рі­міздің барлық саласына, оның ішінде білім саласына да өз түзетулерін қосты.

Карантиндік шаралар жағда­йында білім беру саласы ең осал бол­ғандықтан, мемлекеттік дең­гейде білім беруді дамыту векторына айтарлықтай түзетуді енгізу талап етілді.

Аталған жағдай әскери білім беру жүйесіне әсер етпей қой­ма­ды, заман ағымына ілесіп, қазіргі заманғы әлемдегі әскери өнердің, қару-жарақ пен әскери техниканың тұрақты даму үдерісін ескеріп қана қоймай, елдегі білім берудің жалпы тенденцияларын ескере отырып өзгеруі керектігі байқалды.

Жаңа жағдайлар Қорғаныс министрлігінің оқу процесінің бұзылуын болдырмау, әскери ма­ман­дардың білімін жоғары дең­гейде ұстап тұру үшін жедел шаралар қабылдауға негіз болды.

Биылғы жылдың мамыр айын­да қорғаныс ведомствосы­мен әскери қызметшілерді шетел­­де оқыту үшін сол жаққа жі­беру жұмысы жүргізілді.

Білім алушылардың денсау­лығы мен өміріне төнген қауіп, оқу процесінде әлеуметтік қа­шық­тықты сақтап, карантин шараларын жүргізуді талап етті.

Пандемия жағдайында хи­мия­лық және бактериоло­гия­лық қорғау, инженерлік және медициналық мамандардың, оның ішінде Ресей Федерация­сы­ның әскери ЖОО-сында оқитын әс­кери мамандардың саны артты.

Осы жылы Қазақстан Респуб­ли­касы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына 2000-ға жуық адам оқуға түсті. Оның ішінде 700-ге жуығы «Жас Ұлан» Республикалық мекте­бінің тәрбиеленушілері.

Әскери доктринасының талаптары аясында әскери кадр­ларды даярлау жүйесі икемді және тиімді болуы, мемлекеттің қазіргі заманғы әскери ұйымы­ның қажеттіліктері мен міндет­теріне жауап беруі тиіс. Ол әскери құрылыстың перспек­тива­лық міндеттерімен, сондай-ақ жас ұрпақтың әскери қақты­ғыстарының сипатын болжаумен байланысты болуы керек.

Елде әскери білім және ғы­лы­м жүйесінің қалыптасу жыл­­дарында, жоғары білікті про­­фес­сорлық-оқытушылық құ­ра­мы, қазіргі заманғы оқу мате­риалдық-техникалық база­сы бар әскери оқу орын­дары­ның желісі құрылды. Білім беру процесі мен әскери ғылым­ды ұйымдастыруды регла­менттейтін нормативтік құқық­тық актілер әзірленді.

Сөз соңында сіздерге мемле­кет­­­тің әскери қауіпсіздігін ны­ғай­­­­ту және Ота­нымыз – Қазақ­­стан Рес­пуб­ли­ка­­сының өркен­деуі үшін әс­ке­ри істі зерделеу және әске­ри білімді дамыту жо­­лын­да алға қо­йыл­ған мақсат­тар­­ға қол жет­кізуде шығарма­­шы­­­лық та­быс тілеймін!», – де­ді Қор­­ға­ныс министрі Н.Ермекбаев.