Спорт • 03 Қыркүйек, 2020

Путинцева мен Кукушкин үшінші кезеңге шықты

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Нью-Йоркте өтіп жатқан жүлде қоры 53 400 000 долларды құрайтын АҚШ-тың ашық біріншілігінің үшінші айналымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Путинцева мен Кукушкин үшінші кезеңге шықты

Қазақстанның теннисшілері арасында алғашқы болып бұл межеге әлемнің 33 ракеткасы Юлия Путинцева жетті. Ол WTA рейтингінде 351 орынға жайғасқан беларуссиялық Вера Лапконы еш қиналмай ұтты – 6:3, 6:3. Енді Юлия сол елдің тағы бір өкілі Александра Сосновичпен (119 ракетка) сайысқа түседі. Көп кешікпей Михайл Кукушкин (42 ракетка) кортқа шықты. Чилидің өкілі Кристьян Гаринмен (73 ракетка) болған бәсекенің алғашқы екі кезеңі отандасымыздың пайдасына шешілгенімен, қарсыласы таразы басын теңестірді. Өте шиеленісті өткен соңғы сетте барын салған Михаил жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті – 6:2, 6:1, 3:6, 4:6, 7:5. Кукушкин үшінші үшінші кезеңде аустралиялық Джоран Томпсонмен (63 ракетка) күш сынасады.

Ал Елена Рыбакина (17 ракетка) үздіктер тізімінде өзінен әлдеқайда төмен тұрған америкалық теннисші Шелби Роджерске (113 ракетка) ойда-жоқта есе жіберді.