Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Көкшетауда 38 отбасы баспаналы болды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа көпқабатты үйлер салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетауда 38 отбасы баспаналы болды

Осы бағдарлама бойынша биыл облыс орталығында 8 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, жүздеген отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Осы жолы 38 отбасы замана талабына сай салынған сәулетті де, сәнді пәтерлерге ие болды.

Жыл соңына дейін тағы бір тұрғын үй пайдалануға берілмекші. Жаман тұмау жан алқымыңнан алып тұрған кезде қалағын қолынан тастамаған құрылысшылар қала тұрғындарына қуаныш сыйлауда.

Пәтер кілті қолына тиген Мәстура Музамелова баспаналы болғаны үшін мемлекеттік қамқорлыққа ақ алғысын білдіруде. "Нұрлы жер" шын мәнінде көп уақыттан бері пәтерге қолы жетпей, баспананың зарын тартып жүрген адамдарға нұр шуағын себезгілеген бағдарлама болып тұр.