Спорт • 03 Қыркүйек, 2020

Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2022 жылы Нидерландта өтетін Еуропа біріншілігінің жербесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы 5 топта өнер көрсетеді. Біздің жігіттер Израиль мен Кипр кездесуінің жеңімпазы және Беларусь пен Венгрия футзалшыларымен шеберлік байқасады. 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір аралығында өтетін бұл бәсекелер Еуро додасына қатысатын командаларды анықтайды. Ал қарт құрлықтың басты жарысы 2022 жылдың 9 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландтың Амстердам мен Гронинген қалаларында ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз Еуропа чемпионатына үшінші мәрте қатысқалы отыр. 2016 жылы Сербияда өткен жарыста қазақстандықтар қола медальді иеленсе, 2018 жылы Словениядағы сайыста төртінші орынға табан тіреді.