Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Ақмолада 53 адам өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елімізде тұңғыш рет көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айыру айыбы қолданылуда. Осы қатаң тәртіптің ықпалы да зор, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмолада 53 адам өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жол ережесінің бұзылуы жиі кездеседі. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілердің қай ережені жиі бұзатындығын сараптаған болатын. Соның ішінде жылдамдықты арттыру көп орын алады. Осы себепті жол апатының да қасірет әкеліп жататындығы жасырын емес. Сондай-ақ, көлік жарығын қоспау да оқыс оқиғаларға себепкер. Облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Баймұқановтың айтуына қарағанда, көлік жарығын қоспағандарға қатысты 9 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған. Қауіпсіздік белдігін тақпаудың алты мыңнан астам дерегі тіркелген. Ал, ішімдік ішіп, жолға шыққан жүргізушілердің 53-і өмір бойы  көлік жүргізу құқығынан айырылып отыр.

Тәртіпті осылайша қатаңдатпаса болмайды. Әрбір оқыс оқиға әлденеше адамның ғұмыры. Абай болғанға, жауапкершілікті ұмытпағанға не жетсін.