Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кімдер пайдалана алады?

732 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын қалай пайдалануға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кімдер пайдалана алады?

"Президент халыққа кезекті Жолдауында әлеуметтік салада бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде көпшіліктің қызығушылығын танытып отырғаны зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан осы бағытта түсініктеме бергім келеді. Біріншіден, Мемлекет басшысы тарапынан тұжырымдамалық шешім қабылданды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жағдайларда пайдалану мүмкіндігі беріледі, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге және қаржы компанияларына басқару үшін аударуға беріледі», - деді Б. Нұрымбетов.

Бұдан соң, министр кімдер қандай жағдайда жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатынын айтты.

"Біріншіден, жұмыс істеген әрі жұмыс істеп жүрген біздің азаматтар, яғни Бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтардың жиналған сомасы "жеткілікті шегінен" асып жатқан жағдайда ала алады. Мақсат оның бәрін таратып беру емес, оның қажетті бір бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен жоғары мақсаттарға пайдалануға мүмкінгідігі бар. Мұндай азаматтардың саны 530 мың адамға жетіп отыр. Екіншісі - зейнет жасына жеткен адамдар. Егер де оларда жинақтаушы қорында қаражаттары бар болса, ол кісілер сол қаражаттың 50 пайызына дейін алады. Бұндай адамдардың саны 178 мыңнан асады. Үшіншіден, зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар ала алады. Мұндай елімізде 13,3 мың адам бар. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады", - деді ол.