Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптасады - Ералы Тоғжанов

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптасатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптасады - Ералы Тоғжанов

"Бүгінде елдің әлеуметтік қауіпсіздігі 17 заңмен және ондаған заң актілерімен реттеліп отыр. Алда қағазбастылықты азайтып, халықтың қолжетімділігін жеңілдету мақсаты тұр. Осы орайда, Үкімет елдің бірыңғай әлеуметтік кодексін әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл - барлық нормативтік-құқықтық базаны біріктіруге және жүйелеуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру немесе оларды электрондық форматқа көшіру жұмысы жалғасады. Мемлекет басшысы айтқандай, адамдар емес, "деректер жүгіруге тиіс" деген қағида іске асырылады", - деді Ералы Тоғжанов.