Негізі айтулы доданы Швейцарияның Берн мен Цюрих қалалары қабылдауға тиіс еді. Алайда жер жаһанды жайлаған коронавирус деретінің өршуіне байланысты айтулы елдің өкілдері бастапқы райларынан қайтты. Содан әлем чемпионатын ұйымдастыруға Біріккен арабтар әмірлігі, Оман және Катар сынды мемлекеттер ниет білдірді. Бірақ таңдау Италияға түсті.
Биылғы жарыс қысқартылған бағдарлама бойынша өтеді. Яғни, бұл бәсекеде тек элиталық топқа жататын велошабандоздар ғана бақ сынайды. Жарыстың алғашқы екі күнінде жекелеген сайыста ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынса, соңғы екі тәулікте топтық сайыстар өтеді.