Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағына еріктілер тартылуда

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы вакцина даярлауда отындық ғалымдар елеулі жұмыстар атқаруда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағына еріктілер тартылуда

"Клиникаға дейінгі сынақ сәтті өтті. Тексеру шаралары барлық деректердің толық жаңғыртылуын байқатты. Антиденелер бойынша шетелдік баламалы зерттемелерден кем емес екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, гуморальды әрі жасушалық иммунитеттің дамуын байқадық, бұл өз кезегінде маңызды болып саналады", деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Мұнымен қоса ол отандық ғалымдар өз еркімен екпе салғандарын еске салды.

"Бір айдан астам уақыт өтті. Олар үнемі бақылауда болады, сәйкесінше анализ тапсыруда. Осы орайда өзіміздің вакцинаның нәтижелігі мен тиімділігін көріп тұрмыз", деді А.Аймағамбетов. Министр қазіргі кезде қазақстандық ғалымдар клиникалық сынақтың тиісті кезеңіне кірісіп жатқанын, еріктілерді іріктеу басталғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025