Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2020

"Бизнестің жол картасы – 2025" шеңберінде грант алуға өтінімдер қабылдау басталды

2928 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде гранттық қаржыландырудың ашық конкурсының екінші кезеңі бойынша құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бизнестің жол картасы – 2025" шеңберінде грант алуға өтінімдер қабылдау басталды

Сомасы 2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейінгі гранттар экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі және ол start-up жобаларды, инновацияларды және жаңа бизнес-идеяларды дамытуға арналған. Бұл мақсатқа бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді.

Өтінімдерді қарау кезіндегі негізгі сынбағалар: бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды); бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) және енгізуге дайындық (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі) болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын (қосымша) ұсынуы қажет. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада беруге болады.

Электрондық өтінімдер келесі сілтеме бойынша беріледі: (https://dkb.qoldau.kz/ru/dkb/grants/dkb-registries/grants-applications).

Қағаз түріндегі құжаттарды қабылдауды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303,                 1 қабат мекенжайы бойынша жүзеге асырады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 21 қыркүйектен     2 қазанды қоса алғанға дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Конкурс қатысушылары келесі мекен-жайлардан кеңес алуына болады:

  • Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3 қабат, 314 бөлме, тел.: +7 (727) 390-20-85, + 7 (727) 390-20-88;
  • "Qoldau" кәсіпкерлік орталығы", мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат, жедел желі телефондары (жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін): +7 775 882 5312; +7 775 882 5416; +7 775 882 5539; +7 775 882 5546;
  • "Атамекен" ҰКП, мекенжайы: Алматы қаласы, Жібек-Жолы даңғылы, 135, 8 қабат, 2 блок, тел.: +7 (727) 331-01-33, Call-centre 1432.

Сонымен қатар, қатысушыларға келесі құжаттары:

1) "Атамекен" ҰКП-да "Бизнес мектеп", "Bastau Business", "Бизнес-Кеңесші", "Жас кәсіпкер" курстарынан өткені туралы сертификаттарының бірі;

2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болған жағдайда, бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;;

2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталында орналастырылатын мемлекеттік гранттар беру Қағидасының  2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға берілетін өтінім;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

4) өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоғы туралы анықтама;

5) өтінім беру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама (бар болған жағдайда);

6) мемлекеттік гранттар беру Қағидасының 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;

7) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

8) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоса қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

9) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесінің барын растайтын құжат.