30 Қазан, 2013

Белсенді қимыл күтеді

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің оты­рысында саяси ұйымның кезектен тыс ХV съезінің шешім­де­рі және Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттер талқыланды.

Алқалы басқосуға қатысқан аумақтық филиалдардың төрағалары мен олардың бірінші орынбасарлары, съезд делегаттары, жергілікті мәслихаттардың депутаттары, «Жас Отан» жас­тар қанатының белсенділері мен БАҚ өкілдері алдында филиал жетекшісі, аймақ басшысы Самат Ескендіров сөз сөйледі.

Баяндамашы «Нұр Отан» пар­тиясының кезектен тыс ХV съезі­нің тарихи маңызына тоқтала келіп, осынау саяси жиынға Қызыл­жар өңірінен 62 делегат қатыс­қанын, партияның Саяси кеңе­сінің жаңартылған құрамына «Мәм­бетов және К» командиттік серік­тестігінің бас директоры Ерке­бұлан Мәмбетов пен Тіл және әдебиет институтының дирек­торы Жанар Таласбаеваның, Тексеру комиссиясының құрамына облыс­тық мәслихаттың депутаты Райхан Әбдірахманованың енгенін жет­кізді. Нұрсұлтан Назарбаев көш­бас­шы партияның жеті міндетін айқындап, алдымызға үлкен межелер қойды. Форумда қабылданған Саяси доктрина ел дамуының ұзақ жылдарға арналған маңызды қадамдарын белгілеп берді. Бұдан былай патриоттық күш, жал­пы­ұлттық бірліктің орталық буыны, азамат­тық қоғамның көшбасшысы, экономикалық және әлеуметтік инновациялардың жалпыұлттық эпицентрі, жалпыхалықтық бақылаудың басты құралы, жас­тар белсенділігі басым бағыттар ретінде жан-жақты қолдау табатын болады, деді өңір басшысы.

Са­мат Сапарбек­ұлы «Қа­зақ­­стан-2050» Стра­те­гия­сын жү­зеге асыруға байланысты өңірде ат­­қарылып жатқан шараларға тоқ­талып, басты міндет Стратегия мен Доктрина талаптарын бұл­жытпай орындау болып табылатынын қадап айтты. Партия Төрағасы атап өткендей, Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылу жолында ұстанған бағ­дары­нан айнымайды. Оған елі­міз­дің экономикалық әлеуеті, хал­қымыздың күш-жі­гері толық жетеді. Өзімізді ұдайы қамшылап, алға ұмтыла біл­сек қана «Қазақстан-2050» Стра­тегия­сындағы биік мақ­саттарды орындауға қол жеткіземіз. Ал бұл әр нұротандықтан белсенді іс-қимыл күтеді.

Саяси кеңес отырысында облыстық мәслихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов, Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясының директоры Гүлжан Жақанова, ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов, «Нұр Отан» партиясы Шал ақын аудандық филиалы төрағасының орынбасары Елена Кузичева, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұса Танақұлов сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58