Нәтижесінде маска режімін бұзған 1773 жолаушы анықталса, олардың 1106-сы мүлде маскасыз жүрген, ал 667 адам масканы дұрыс тақпаған. Жұмыс барысында 1 жүргізуші жұмыстан шығарылып, 3 жүргізушіге сөгіс жарияланды.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін Алматы қаласы "Көлік холдингі" ЖШС мен "Қазақтелеком" АҚ арасында 8 маршруттағы (№25, №7, 3. №205, №137, №37, №69, №38, №63) 32 автобусқа қосымша камералар орнату туралы келісім жасалды.
Жобаны іске асыру кезінде келесі әрекеттер жүзеге асты. Маска режімін бұзған жолаушы туралы белгі ОДБ диспетчеріне келіп түседі. Ол бірден автобус жүргізушісіне хабар береді. Жүргізуші көлікті тоқтатып, жолаушыға маска киюді талап етеді, болмаса салоннан шығарылады.