Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Бір тәулікте 944 түркістандық коронавирусқа тест тапсырды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайын сынама алынды. Тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетіп, ешбір азаматтан ауру анықталмады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы екі тәулікте Түркістан облысында Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір тәулікте 944 түркістандық коронавирусқа тест тапсырды

Бүгінде ауруханалардағы инфекциялық стационарларда небәрі 31 науқас Сovid-19 індетінен ем қабылдауда. Жалпы, жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек орынның 484-і бос тұр.

Пневмония және тұмаумен 85 адамға ем көрсетілуде. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, өңірде Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 3322 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3168 науқас медицина қызметкерлерінің көмегімен сауығып шықты.

Жалпы, күні бүгінге дейін өңірде 130061 азаматтан коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық полимеразды тізбекті реакциясына сынама қабылданған.