Спорт • 03 Қыркүйек, 2020

Құзға өрмелеуден әлем кубогының екінші кезеңі өткізілмейді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) әлем кубогінің екі кезеңін өткізбеу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Құзға өрмелеуден әлем кубогының екінші кезеңі өткізілмейді

Пандемия салдарынан Оңтүстік Корея мен АҚШ-та жоспарланған әлем кубогінің кезеңдері өтпейтін болды. Сеулдегі дода 8-10 мамыр күндері, ал Солт-Лейк-Ситидегі жарыс 12-14 маусым күндеріне жоспарланған болатын. COVID-19 пандемиясына байланысты IFSC аталған қос жарысты кейінге шегерген еді.