Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2020

Сақтандырылмаған студенттерді тіркеуге қолдау көрсетіледі

643 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, қаланың 39 жоғары оқу орнымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі студенттерді сақтандыру мәселелері бойынша онлайн-жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сақтандырылмаған студенттерді тіркеуге қолдау көрсетіледі

Кеңес барысында тараптар бірқатар мәселелермен қатар жүйеде тіркелмеген студенттер жайы сөз болды.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша ӘМСҚ Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған студенттерді жедел тіркеу үшін қалалық жоғары оқу орындарына жан-жақты қолдау және көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, талқылау нәтижесінде әр оқу орнында проректорлар деңгейінде жауапты тұлғаларды тағайындау туралы келісімге қол жеткізілді, олар медициналық сақтандыру жүйесінде студенттердің тіркелуі мен мониторингіне жауап береді.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі ресми түрде 2020 жылдың 1 қаңтарында енгізілгені белгілі. Ағымдағы жылдың 1-шi сәуіріне дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып саналды, сондықтан медициналық сақтандыру қорына аударымдарға қарамастан қызметтер ала алды. Бірінші карантиннің енгізілуімен наурыз айында жеңілдік кезеңі ұзартылып, осы жылдың 1 шілдесінде аяқталады.

Студенттер мемлекет МӘМС жарналарын төлейтін 15 жеңілдік санатына жатады.

Алдымен  сақтандыру мәртебесін Saqtandyrybot Telegram-ботының көмегімен ЖСН көрсету арқылы тексеруге болады.

"Медициналық қызметтерді тұтынушы" мәртебесін алу үшін жеңілдікті санаттарға жататын тұлға, біздің жағдайда студент немесе оның заңды өкілі қорға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы растайтын құжаттардың түпнұсқасының сканерленген көшірмелерін ұсынады.

Студенттерге қосымшада қалай тіркелуге болады?

  1. AppStore немесе Play Market-тен Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеу.
  2. Электрондық мекен-жайын, тегін, атын және байланыс телефонын көрсеткеннен кейін жүйеге тіркелу.
  3. Тіркелгеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «бізге жазыңыз» түймесін пайдалану.

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтаманы тіркеуі қажет. Хабарлама мәтінінде ЖСН, сондай-ақ жеңілдік санаты көрсетілуі қажет.

Qoldau 24/7 қосымшасында өтінім берілгеннен кейін Қор "Saqtandyry" АЖ-да, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзге де ақпараттық жүйелерінде адамдардың жеңілдікті санатқа жататынын белгілеу және оларға "медициналық қызметтерді тұтынушы" мәртебесін беру үшін қамтылған құжаттарды салыстырып тексеруді жүргізеді.