Пікір • 04 Қыркүйек, 2020

Ел азаматтарымен ашық әңгіме өтті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы – қоғамдағы қордаланған мәселе­лерді ашық айтып қана қоймай, оны жою жолдарын көрсетті. Азаматтардың өмір сапасын жақсартуға байланысты нақты міндеттерді белгілеп берді.

Ел азаматтарымен ашық әңгіме өтті

Жолдаудағы бала құқықтарын, жалпы адам құқықтарын қорғауға, мемлекеттік аппаратты қысқартуға байланысты тапсырмаларын мұқият тыңдадым. Президент «Халыққа тұрақты жұмыс орындары, ыңғайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек», деп анық көрсетті. Бұл – әлеуметтік саясаттағы жаңа парадигмаларға жол ашады. Мемлекеттік органдардың жауап­кершілігі күшейтіліп, әр саладағы басшылардың жұмыс нәтижелері тұрғындардың өмір сапасы жақсар­ғанда анық көрінетін болады.

Коронавирус індетінің салдарынан дүние­жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқытуға көшкен кезде, елімізде ортақ онлайн платформа жоқтығы анық байқалды. Президент осы кемшіліктерді ашық көрсете отырып, елімізде оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Бұл дәл қазіргі жағдайда балаларымыздың оқуы мен денсаулығының қауіпсіз­дігі үшін  жасалатын ең ұтымды жол. Азаматтық қоғам өкілдері де билік пен халық арасындағы жаңа фор­маттағы байланысқа дайын болып, өңірлердегі күрделі мәселелерді ашық көрсеткені дұрыс деп ойлаймын. Өйткені еліміздің алға басуы үшін қоғамның барлық өкілдерінің арасында ашық әрі бүкпесіз диалог қажет.

 

Айгүл ДҮЙСЕНОВА,

Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының  президенті, Қазақстанның Азаматтық альянс бірлестігінің мүшесі