Инженерлік желілерді цифрландыру жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

"Елорда көшелері мен даңғылдарының астында мыңдаған шақырым инженерлік желілер жатыр. Олар: су, электр, кәріз, байланыс желілері. Қалалықтардың тұрмыс сапасы осы желілердің үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Қазір желілерді цифрландырумен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыстардың өзектілігі сол, қағаз жүзінде инженерлік желілердің орналасқан жері мен жай-күйі туралы мәліметтер әрдайым сәйкес келе бермейді. Осыған байланысты тұрғындар уақытша сусыз, электрсіз отыруға мәжбүр болған кезде апатты жағдайлар болып жатады.
Цифрландыру барлық инженерлік желілерді ашық көруге мүмкіндік береді. Оларға түсетін салмақ пен ахуалы анық көрінеді. Бұл жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты ұлғайтуға, тәуекелдерді азайтуға және жаңа объектілерді инженерлік желілерге қосу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ғимараттарды салу кезінде ұзақ әрі маңызды процестердің бірі – инженерлік желілерге қосу.
Сонымен қатар, ғимараттарды, жер учаскелерін цифрландырамыз (жер учаскелері мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету онлайн режимінде өтеді), бұл жер учаскелерінің игерілуін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаланың 3D моделін құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта қаланың 50% цифрландырылды. Геоақпараттық портал жылдам қарқынмен кеңейіп келе жатқан қала үшін маңызды. Әрі құрылыс процестерін болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Аудандарды мектептермен, балабақшалармен, ауруханалармен және басқа да маңызды объектілермен қамтамасыз ету қажеттілігі біркелкі бөлінетін болады.
Портал сондай-ақ бірнеше карта жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, ТЖД қажеттіліктері үшін қауіп қатерлерді болжау карталары, кәсіпкерлер үшін – инвесткарта, ПИК (ОСИ) үшін-шатырды, коммуникация желілерін жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау және т.б. Бұл арқылы жердің астында не болып жатқанын көруге болады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Цифрландыру-барлық реформалардың негізгі элементі", – деп атап өтті. Цифрландыру процесі бақылауымызда тұр», – деп жазды Алтай Көлгінов.
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • Кеше
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • Кеше
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • Кеше
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • Кеше
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • Кеше
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • Кеше
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • Кеше
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • Кеше
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • Кеше
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • Кеше
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • Кеше
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • Кеше
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • Кеше
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • Кеше
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • Кеше
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • Кеше
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • Кеше
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • Кеше
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • Кеше
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • Кеше
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • Кеше
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • Кеше
Алматыда құны 66 миллиард теңгеден астам 5 мыңнан аса пәтер салынды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті
Оқиға • Кеше
Тұтынушы үшін дәрілік нұсқаулықтардың түсінікті болуы маңызды
Медицина • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Кеше
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Кеше
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Кеше
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Кеше
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар