Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

2,4 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлемді 2 млн 406 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 400 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2,4 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

Бұған дейін хабарланғандай, МӘСҚ-дан біржолғы төлем алуға өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданды.

Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек.

Өтініш беріледі:

Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – өздеріне қатысты әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (оны тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Қайта қарауға өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.