Елорда • 04 Қыркүйек, 2020

Елордадағы екі базарға ірі көлемде айыппұл салынады

579 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы "Шапағат" және "Әлем" сауда нысандарының әкімшілігіне ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадағы екі базарға ірі көлемде айыппұл салынады

Мобильді топ "Шапағат" және "Әлем" сауда үйлерін тексеру барысында, сатушылар да, сатып алушылар да талаптарды бұзғаны анықталды.

"Шапағат" сауда үйінде тексерушілер дүңгіршектер жанында белгілердің жоқтығын, әлеуметтік қашықтық пен маска режимінің сақталмағанын анықтады. Сонымен қатар, мобильді топ өкілдері санитарлық дәрігердің қаулысына сай, әр 50 метр сайын санитайзерлер қойылмағанын атап өтті.

"Екі кіреберістің бірінде температура өлшенбейді. Залдардың бірінде олар орнатылмаған, тек бір жерде ғана бар. Әкімшілік сипаттағы шаралар қолданатын боламыз. Кодекске сәйкес, ескертулер берілмейді, тек айыппұл санкциялары тағайындалады. Субъектінің санатына байланысты: егер кіші болса – 200-300 АЕК, егер ірі болса – 1 600 АЕК", - деді Байқоңыр аудандық санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Асыл Сералы.

1

Сондай-ақ, мониторинг тобының өкілдері келушілер саны бойынша ескертулер жасады.

"Әкімшілік кіре берісте, залда күзет бар-жоғын бақылауы керек; сатушылармен нұсқаулық өткізу керек", - деп атап өтті Асыл Сералы.

Базар басшылары барлық ескертулерді жоюға уәде берді.

"Әлем" СҮ санитарлық талаптар әлдеқайда мұқият сақталған. Алайда, ереже бұзушылықтар бұл жерден де табылды.

"Әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған ешқандай белгі жоқ, келушілер арасында маска режимі сақталмайды. Сондай-ақ, сатушылар масканы дұрыс тақпаған. Біз залдан санитайзерлер байқамадық, тек кіре берісте ғана орнатылған. Нәтижелерді жергілікті полиция қызметімен талқылаймыз, бұзушылықтар туралы рапорт жасаймыз, әрі қарай шара қолданамыз", – деп түсіндірді Асыл Сералы.

Сондай-ақ, санитарлық-гигиеналық бақылау басшысы нысандарда мониторингтік іс-шаралар күн сайын жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алайда, ең бастысы – ережелерді сақтау, өйткені қатаң шаралардың арқасында ғана коронавирустың таралуын толығымен болдырмауға болады.

"Ережелерді бәрі біледі, бірақ бұзады. Мұны бірнеше рет жасайтын нысандар бар. Ең алдымен, вирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық санитарлық нормаларды сақтау керек. Бұл ен бірінші маска режимін сақтау, өйткені вирус ауа тамшыларымен берілетіні белгілі. Егер адамдар бір-бірімен байланыста болса, вирус тоқтамайды. Барлық санитарлық нормалар, барлық қаулылар осы вирустың таралуын болдырмау үшін қажет", – деп түйіндеді санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы.