Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

Қазақстандық команда "Танк биатлоны" сайысын аяқтады

383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында аяқталған жартылай финалдың қорытындысы бойынша қазақстандық танкішілер екінші айналымда жарыс қожайындарынан кейін уақыт бойынша екінші болып, Өзбекстан мен Қырғызстан қарсыластарынан озып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық команда "Танк биатлоны" сайысын аяқтады

Сайыс қатысушылары жартылай финалда эстафета түрінде өзара бақ сынасты. Әр елден үш экипаж кезектесе отырып, үш атыс шебі мен 10 кедергілері бар жалпы ұзындығы 16 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті. Қазақстандық жауынгерлер трассадан сенімді өтті. Ал атыс шебіндегі жекелеген дәлсіздіктер әскери қызметшілердің дистанциядан өту шеберлігімен өтелді.

Жарыстың ережесіне сәйкес финалға қатысушыларды іріктеуде, жүру барысында бірінші орынды еншілеу емес, бастысы арақашықтықты өту уақыты болып табылады.

"Танк биатлоны" бас жаттықтырушысының пікірі бойынша жартылай финалда біздің танкішілердің осындай нәтиже көрсетуі 840 аттың күшқуаты бар танктің базалық моделінде, ал Ресей, Беларусь және Қытай қатысушылары жетілдірілген танктерде өнер көрсетуі ықтимал болуы мүмкін. Атап айтқанда, ресейліктер мен белорустер күшқуаты 1130 аттың күші бар қозғалтқышы және командирдің панорамалық тепловизиялық құралы бар жаңартылған Т-72Б3-М әскери машиналарын қолданады. Қытай командасы өзінің Type-96В танкілерінде жарыстарға қатысады. Ашық көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, аталмыш танкіде 1200 аттың күші бар қуат қондырғысы, сонымен қатар визуалдау, басқару және қуаттау механизмдері бар.

Сонымен қатар, қазақстандық команда өнер көрсеткен күні желді ауа-райының қолайсыздығы, негізгі бәсекелестеріміздің алғашқы жартылай финалдық жарысықан қолайлы күндерден қатты ерекшеленді.

Бұл факторлар қазақстандық танкішілердің жоғары кәсібилігі мен шеберліктеріне қарамастан жартылай финалдың нәтижесін алдын ала анықтады. Сонымен қатар, біздің командаға финалға шығу үшін қажетті уақытты көрсетуге мүмкіндік бермеді.

Жартылай финалдың нәтижелеріне сәйкес уақыт бойынша ең жақсы 4 командалар анықталды: Әзірбайжан, Беларусь, Қытай және Ресей. Финалға шыққан аталмыш командалар 2020 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Армия халықаралық ойындарының соңғы күнінде өтетін танк биатлонында жарысады.

Айта кету керек, танк биатлонына қатысушылардың дайындық деңгейі, бәсекелестігі жылдан жылға артып келеді. Біздің танкішілер тартысты күресте 16 қатысушы ел арасында бесінші орынға ие болды. Олар қысылтаяң жағдайларда өздерінің берік мінез, мақсатқа жетудегі табандылық, жеңіске деген ерік-жігер сынды қасиеттерін көрсете білді.