Алматыда сынып оқушыларына туберкулезге қарсы ревакцинация және «тәуекел тобындағы»балалар арасында туберкулезді ерте анықтау шараларды күшейту науқаны басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

1–30 қыркүйек аралығында бірінші сынып оқушылары арасында туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізіледі.
Процедура балаларды оқыту нысанына қарамастан, қашықтықтан немесе күндізгі уақытта мектептердің егу кабинеттерінде жүргізіледі.Мұндай тәжірибе карантиндік шаралар енгізілгенге дейін қолданылды. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 1 қыркүйекке дейін учаскелік дәрігерлер Манту сынамасы бойынша тексерілетін 1-сынып оқушыларының тізімін жасады.4 қыркүйекте ата-аналар мен балаларды мектепке манту сынамасына және БЦЖ ревакцинациясына шақыра бастады.Әрбір білім беру мекемесінде 4-тен 8-ге дейін бірінші сыныптар болғандықтан, оқушылар көп жиналмас уақыт аралықтары мен физикалық қашықтықты сақтай отырып, кестеге сәйкес шақырылады.
«№11 Қалалық емхана Жетісу ауданының 6 мектебіне қызмет көрсетеді, олардың әрқайсысында біздің әріптестер таңғы сағат 9.00-ден бастап жұмыс істейді. Барлық сыныптарда сабақ кестесі әртүрлі болғандықтан, сол сабақ кестесіне байланысты құрылды және оқушылардың басым көпшілігі қашықтықтан оқиды. 6 мектеп бойынша 800-ге жуық 1-сынып оқушыларын қамтуды жоспарлап отырмыз.
Биыл ата-аналар арасындағы жоғары белсенділікті атап өткіміз келеді. Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас тартудың бірнеше жағдайлары да кездесті» – деп №11 Қалалық емхананың бас дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Алмаш Ардабаева пікір білдірді.
Процедура ата-аналардың ерікті түрде келісім берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы арасындағы аралық 3 күннен 14 күнге дейін болады. Туберкулезге қарсы ревакцинация науқанына жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар тартылған. Мектептер мен емханалардың медицина қызметкерлері Манту сынамасын қою техникасының ережелері, туберкулезге қарсы егулер жүргізу, иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің дамуы жағдайында шұғыл көмек көрсету әдістері бойынша алдын ала дайындықтан өтті.
БЦЖ ревакцинациясын жүргізу кезеңінде 1-сынып оқушыларына мектептерде басқа екпелер жүргізу тоқтатылады. Биылғы жылдың 25 желтоқсанына дейін манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде БЦЖ ревакцинациясын жүргізе отырып, күмәнді реакциясы бар 1-сынып оқушыларының манту сынамасы бойынша қайта (3 айдан кейін) тексеруден өтеді.
Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:16
«Адырна» журналы жұмысын уақытша тоқтатты
Оқиға • Кеше
Өнер • Кеше
• Кеше
Ұлы дала өркениеті бастау алған байырғы мекен
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Қытай Таяу-Шығыстың гегемонына айнала ма?
Әлем • Кеше
«Б» жоспары дағдарысқа қарсы қалқан бола ала ма?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Big Tech компанияларының қаржылық мәселесі
Бағдарламалар • Кеше
Александр Бублик Барселона турнирін жеңіспен бастады
Спорт • Кеше
Студенттер тұрмыстық вагонды қолды қылған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы әйелдер
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Шығыс Қазақстан: 70-ке жуық заң бұзушылық анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар