Алматы әкімі Б.Сағынтаев Президент Жолдауына сәйкес мегаполисті дамытудың таяу арадағы басты бағыттарын атап өте келе денсаулық саласын модернизациялауға және пандемиямен күреске, барлық саланы, оның ішінде білім беру жүйесін кеңінен цифрландыруға жете назар аударылатын болады, деп атап өтті.
«Қала оқушыларына қашықтан білім берудің жалпықалалық «Сфера» платформасы құрылды. Жаңа цифрлық білім контенті әзірленді, оқытушылар тиісті даярлықтан өтті. Барлық балалар, оның ішінде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қажетті көлемде ноутбуктер мен планшеттер сатып алынды», - деп хабарлады Б. Сағынтаев.
Жастардың бойында инновацияның ашықтығын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Цифрландырудың 2025 жылға дейінгі қолданбалы стратегиясы әзірленді, қаланың АТ-кеңесі құрылды. Студенттер мен оқушылардың АТ-дарын пулы жасақталды. Бұлардан өзге, Жолдаудың міндеттеріне сәйкес қала балаларын спортпен, мәдениетпен және мектептен тыс қосымша білім берумен кеңінен қамту үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.
Қала әкімі өскелең ұрпақтың бойында дұрыс рухани құндылықтарды қалыптастыруда және оларды тәрбиелеуде шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу барысында ұлттың рухани жаңғыруы туралы мәдениет пен ғылымның танымал қайраткерлері Оразәлі Сәбден, Смағұл Елубай, Мұрат Әуезов, Төрегелді Шарманов, Мұрат Жұрынов, Рахман Алшанов, Сәбит Досанов, Дулат Исабеков, Аягүл Төреқызы, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Асанәлі Әшімов, Ақан Бижанов, Кенжехан Матыжанов, Ұлықбек Есдәулет және т.б. ғалымдар мен әдебиет саласының өкілдері тұщымды ұсыныстарымен бөлісті.