Жыл сайын Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі. Мерекенің басты мақсаты - мәдени құндылықтарды, дәстүрлер мен руханиятты сақтау, жас ұрпақты отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешу жолын іздестіру.
Биыл Дағдарыс Орталығында Отбасы күніне арналған апталық 07-13 қыркүйек аралығында өткізіледі. Апта бойы балалар аналарына, әпке-сіңілері, аға-бауырларына немесе өзге де отбасы мүшелерінеарналған "Жақыныңа қуаныш сыйла" қолөнер акциясы өтеді. Сондай-ақ, "Менің отбасымның қызығушылығы" көрмесі ұйымдастырылады. Онда суреттер, киіз, тас, фетр және т.б. жасалған қолөнер жұмыстары көрсетіліп, отбасы тарихына байланысты шығарма байқауы (қатысушылар балалар мен аналар)да өтеді. Ал сурет салу бойынша "Зорлық-зомбылықсыз үй" челленджі – өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен аналарға көмек көресететін орталықтармен төрт бөлімнен тұратын үйдің бірыңғай тұжырымдамасын құруға негізделеді. Челленджге Ана үйлері мен әйелдер мен балаларға арналған "Тин Челлендж" оңалту орталықтары қатысады. Алматы қаласының Әуезов, Алмалы, Бостандық және Түрксіб аудандары полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері инспекторларының және Дағдарыс Орталығы қызметкерлерінің қатысуымен "Алматы – бақытты отбасылар мекені" қайырымдылық акциясы да осы күндерде өтетін болады. Онда полиция инспекторлары балалармен бірге жасаған сыйлықтарды және оқу жабдықтарын отбасыларына тарту етпек.
Мерекелік апта қызмет алушылар мен полиция инспекторларының қатысуымен өтетін "Менің отбасым - менің байлығым" ойын-сауық бағдарламасымен жалғасын табатын болады. Бұл күндерде "Бақытты отбасы" көп балалы отбасылар орталығында ашық есік күндері жоспарланып отыр.