Елорда • 05 Қыркүйек, 2020

Елордада Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында қозғалыс шектеледі

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін қозғалысты толықтай жабу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында қозғалыс шектеледі

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 27 көшеде (Ұлы Дала) Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде магистральды жаңбыр суына арналған кәріз коллекторын орнату жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар кәріз жүйесінің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету, негізгі көшелерді су басудың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Осыған байланысты 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланып отыр.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өздерінің жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері.