Бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған. ӨЖЖ аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған.
Бүгінгі таңда жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізумен, оны 50% және одан да көп пайызға ұлғайту перспективасымен ӨЖЖ аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылуда. Өндірістік цикл кезеңінде жергіліктендіру деңгейі "Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС-ның заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады. ӨЖЖ аппараттары өндірісіне ҚР басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің жөнелтуге рұқсаты бойынша ӨЖЖ аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірлері бойынша медицина мекемелеріне 1500 дана көлемінде жеткізілетін болады.
ӨЖЖ аппараттарын құрастырумен қатар, кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің оқытылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ 24/7 режимінде техникалық қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорындарға 3 жыл бойы кепілдікті қызмет көрсету мерзімі ұсынылады.
Үкімет басшысы өндіріспен танысып, еліміздің медицина мекемелеріне өнімдерді уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
"Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС өндірістік алаңын аралауға Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі А. Цой және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов қатысты.